Интернетсіз касса
Чектер басылып, офлайн жинала береді, байланыс болғанда серверге кетеді. Windows және macOS.
Сатылым, кіріс, қалдық пен қарыз бір жерде. Касса интернетсіз істейді, ал дүкен телефоннан көрінеді.
Сканер, жылдам тауарлар, таразы штрихкоды. Сома терминалға өзі кетеді, чек термопринтерге басылады.
Жүкқұжатты суретке түсіріңіз, Excel немесе жеткізуші чегінің QR-ын жүктеңіз — тауарлар өзі табылады. Өзіндік құн, үстеме, жеткізуші мен логистке қарыз өзі есептеледі.
Әр тауардың сатып алу және сату бағасы, маржасы мен қалдығы. Тауар таусылғанда ескертеді, бағалықтарды бірден басып шығарасыз.
Карталарды топтап шығарыңыз, басып, кассада сканерлеңіз. Кешбэкпен төлеуге болады, қызметкер карталары сатылымды есептейді.
Түсім, чектер, маржа және назар аударатын жайттар — кез келген жерден, кез келген уақытта.
Чектер басылып, офлайн жинала береді, байланыс болғанда серверге кетеді. Windows және macOS.
Касса соманы терминалға өзі жіберіп, банк жауабын күтеді. Кассир төлемді қолмен белгілей алмайды.
Штрихкоды бар бағалықтар 58×30 және басқа өлшемде. Таразы штрихкодындағы салмақты касса өзі оқиды.
Сілтеме бойынша фото-витрина, баға деңгейімен агент тапсырыстары, клиент қарыздары бір журналда.
Әр қызметкерге PIN мен рұқсат: қайтару, кіріс, есептер. Ауысымдар мен сатушылар бойынша есеп.
Алғашқы 14 күн — «Про» тарифінде тегін, барлық мүмкіндіктермен. Әрі қарай — дүкеніңізге лайық тариф.
Бір касса, тауарлар және түсім — шағын дүкенге
Қойма, кассалар шексіз, қарыздар, толық есептер және Telegram
ЖИ көмекші, витрина және көтерме, түрлі түсті бағалар
Әр тарифте 1 касса — компьютер не телефон: ДК-касса болмаса, қосымшадағы мобильді касса тегін болады.
«Дүкен» және «Про» тарифтерінде тауарға қанша баға керек болса да қоюға болады — бөлшек, көтерме, дилер; баға тексергіштер — шектеусіз және тегін; сату нүктелері — 1 тарифке кіреді, келесілері жоғарыдағы баға бойынша. Басқа бөлімдер бөлек сатылмайды: көбірек керек болса — жоғары тариф.
Тарифті және қанша касса керегін таңдаңыз — сома бірден есептеледі.
Тариф пен кассаларды кабинеттегі «Жазылым» бөлімінде өзіңіз өзгертесіз — сома бірден қайта есептеледі. Төлем — 1, 3, 6 не 12 айға.
Интернетсіз істейді, чекті термопринтерге басады, соманы сатып алушы таблосына шығарады.