Азық-түлік дүкені

Азық-түлік дүкеніне арналған бағдарлама

Азық-түлік дүкенінде ұсақ-түйек көп: салмақты тауар, жарамдылық мерзімі, «қарызға» алатын сатып алушылар, жүздеген жеткізуші және кешке кассадағы кезек. EsepTez мұның бәрін бір бағдарламада шешеді — кассадан пайда есебіне дейін.

  • Салмақты тауар және таразы
  • Жарамдылық мерзімі
  • Қарызға сату
  • Интернетсіз касса
01Касса

Кезек тез жылжиды

Сканер, жылдам тауарлар және соманы қолмен тергізбейтін терминал.

  • Жылдам тауарлар

    Нан, көкөніс, штрихкодсыз тауар — касса экранындағы плиткалармен.

  • Салмақты тауар

    Касса таразы затбелгісінен салмақ пен тауарды оқиды; PLU тізімі Rongta таразыларына кассадан жүктеледі.

  • Halyk немесе Kaspi картасы

    Сома терминалға өзі кетеді — тергенде қате болмайды.

  • Интернетсіз

    Байланыс жоғалса да, касса сата береді, чектерді кейін жібереді.

02Тауар

Мерзімі өткен тауар мен бос сөре азаяды

Жарамдылық мерзімі, ең аз қалдық және себебі көрсетілген есептен шығару.

  • Жарамдылық мерзімі

    Кірістен партиялар және алдағы күндері мерзімі өтетіндердің тізімі.

  • Есептен шығару

    Мерзімі өткен және ақаулы тауар себебімен есептен шығарылады — қанша жоғалтатыныңыз көрінеді.

  • Ең аз қалдық

    Тауар минимумнан төмен түсті — кабинетте және Telegram-да хабарлама.

  • Фото бойынша кіріс

    Жүкқұжатты суретке түсіресіз — кіріс жолдары бір минутта дайын.

03Сатып алушылар

Қарыз бен бонус — дәптерсіз

Тұрақты сатып алушылар, қарызға сату және бонустар — кассамен бір базада.

  • Қарызға сату

    Қарыз кассаның өзінде клиентке жазылады, төлемдер — журналда.

  • Бонус карталары

    Штрихкоды бар карта бойынша ұпаймен кешбэк немесе жеңілдік.

  • Telegram-дағы чектер

    Сатып алушы өз сатып алулары мен қарызын Telegram-да көреді.

  • Баға белгілері

    Баға өзгергеннен кейін штрихкоды бар баға белгілері мен затбелгілерді басу.

Жұмысты бастау

EsepTez-те жұмысты қалай бастау керек

  1. 1

    Бірнеше минутта тіркелу

    Телефон нөмірі және SMS-код — дүкен ашылды. Сынақ мерзімі тегін, карта қажет емес.

  2. 2

    Тауарларды көшіру

    Excel-ді жүктеңіз немесе каталог пен қалдықтарды басқа бағдарламадан көшіріңіз: ондаған мың позиция — бірнеше секундта.

  3. 3

    Компьютерге касса

    Кассаны Windows немесе macOS-қа орнатыңыз не браузерде веб-кассаны ашыңыз, QR-кодпен кіріп, сата беріңіз.

  4. 4

    Телефоннан бақылау

    Есептер, қалдықтар және күн қорытындысы — телефондағы кабинетте және Telegram-да.

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Салмақты тауармен қалай жұмыс істеу керек?

Тауарға таразы коды мен PLU нөмірі беріледі. Таразы затбелгі басады, касса оның штрихкодынан тауар мен салмақты оқиды. Rongta таразылары үшін тауар тізімі кассадан бір батырмамен жүктеледі.

Қарызға сатуға бола ма?

Иә. Қарызға сату құқығы бар кассир клиентті таңдайды, қарыз журналға жазылады, төлемдер оны жабады. Иесі борыштыларды кабинетте көреді.

Мерзімі өткен тауарды қалай жіберіп алмауға болады?

Кіріс кезінде жарамдылық мерзімін көрсетіңіз — EsepTez партия жасап, алдағы күндері не өтетінін көрсетеді. Мерзімі өткен тауар бөлек құжатпен есептен шығарылады.

Үй жанындағы шағын дүкенге жарай ма?

Иә. Бір кассадан бастап, тек керегіне төлеуге болады, ал қойманы, карталарды және көтермені кейін қосасыз.

EsepTez-ті іс жүзінде көріңіз

Нақты деректері бар демо-дүкенді ашыңыз немесе өз дүкеніңізді тіркеңіз — бұл бірнеше минут алады.