Жоба туралы

Дүкеннің кассасы, қоймасы және сатуы — бір жүйеде

EsepTez — Қазақстандағы бөлшек және көтерме саудаға арналған платформа. Касса, тауар есебі, кіріс, көтерме сату, клиенттер мен аналитика бір базада жұмыс істейді: кассада сатылғаны бірден кабинетте, Telegram-да және есептерде көрінеді.

  • Касса интернетсіз жұмыс істейді
  • Қазақша және орысша
  • Windows, macOS, Android, iPhone
  • Claude және ChatGPT-ке қосылады

Бір база — көп жұмыс орны

Дүкендегі әркімнің өз жұмыс орны бар, ал деректер ортақ. Иесі бәрін көреді, кассир — тек кассаны, агент — өз бағасын.

  • КабинетИесі, әкімші

    Тауарлар, қойма, кіріс, есептер, қызметкерлер мен баптаулар — кез келген компьютердегі браузерде.

  • КассаКассир

    Windows және macOS қолданбасы. Интернетсіз сатады, чек басады, таразы мен терминалдармен жұмыс істейді.

  • Мобильді қолданбаИесі, қоймашы

    Телефондағы кабинет және камера арқылы штрихкод сканері: кіріс, түгендеу, бағалар.

  • Сауда өкіліСапардағы агент

    Өз баға деңгейіндегі каталог, өз клиенттері және телефоннан тапсырыс — қалдықты тексеріп.

  • Баға тексергішЗалдағы сатып алушы

    Залдағы планшет немесе ТЖТ: тауарды жақындатты — бағасын көрді, салмақтысын да.

  • ВитринаКөтерме сатып алушылар

    Фотосы, себеті және тапсырысы бар дүкен каталогы. Тапсырыс менеджерге келеді.

  • Telegram-ботИесі мен клиенттер

    Ауысымдар, қайтарулар, таусылып жатқан тауарлар мен күн қорытындысы — иесіне. Чек пен қарыз — клиентке.

  • ЖИ-көмекшілерИесі

    Claude және ChatGPT дүкен деректері бойынша жауап береді және жүкқұжаттан кіріс дайындайды.

01Касса

Тоқтамайтын касса

Windows және macOS-қа арналған қолданба. Чектер компьютерде сақталады да, байланыс пайда болғанда серверге кетеді.

  • Интернетсіз сату

    Каталог пен клиенттер кассада сақталады. Чектер ұзақ үзілістен кейін де өздігінен, қайталанбай жіберіледі.

  • Қолма-қол, карта, қарызға

    Сома Halyk немесе Kaspi терминалына өзі кетеді, қолмен тергізбейді. Қарызға сату клиентке жазылады.

  • Жеңілдіктер мен баға деңгейлері

    Кассир құқығы шегінде жолға немесе бүкіл чекке жеңілдік, бөлшек және көтерме баға, кейінге қалдырылған чектер.

  • Қайтарулар

    Бүкіл чек немесе жеке жолдар — сол төлем тәсілімен. Қалдық қоймаға оралады, қайтару чегі басылады.

  • Ауысымдар және ақша жәшігі

    Бастапқы қалдық, енгізу мен алу, жәшікте қанша болу керек, кассир шыққанда ауысым есебі.

  • QR-коды бар чек

    Чек сурет болып басылады — қазақ әріптері жоғалмайды. QR арқылы сатып алушы электрондық көшірмесін ашады.

  • PIN-кодпен кіру

    Әр кассирдің өз PIN-коды мен құқықтары бар: жолды өшіру, бағаны өзгерту, қарызға сату, қайтару.

  • Өзі жаңарады

    Жаңа нұсқа фонда жүктеліп, ауысым жабылғанда орнатылады — сату кезінде ештеңе өзгермейді.

02Тауарлар

Өзі толтырылатын каталог

Штрихкодты сканерлеңіз — EsepTez ортақ каталог пен Ұлттық тауарлар каталогы бойынша атауын ұсынады.

  • Штрихкод бойынша ұсыныстар

    Ұлттық тауарлар каталогынан, EsepTez дүкендерінің ортақ каталогынан және ашық базалардан атау мен НТИН.

  • Бірнеше штрихкод

    Тауардың бірнеше коды болуы мүмкін, ал өз тауарларына дүкен кодтарды автоматты түрде алады.

  • Салмақты тауарлар және PLU

    Таразы пернетақтасына арналған PLU нөмірі, даналық және салмақты бірліктер, қаптамалар мен қораптар.

  • Баға деңгейлері

    Бөлшек, көтерме, «төмен» және «жоғары» баға — қанша керек болса. Касса мен агенттер өз деңгейін көреді.

  • Баға белгілері мен затбелгілер

    Кез келген затбелгі термопринтеріне (Xprinter, Zebra, Godex) басу: 58×40, 58×30, 40×30, 30×20 мм, штрихкодымен.

  • PDF каталог

    Мұқабасы мен мазмұны бар брендтелген А4 каталог — көтерме клиенттерге, төрт түсті тақырыпта.

  • Баға тарихы

    Әр тауар бойынша бағаны немесе қалдықты кім және қашан өзгерткені.

03Қойма

Қалдықтар бақылауда

Әр нүкте бойынша қойма, тауар қозғалысы құжаттармен және тауар сөреде әлі бар кезде ескерту.

  • Шекті қалдық

    Әр тауарға өз минимумы. Қалдық одан төмендегенде — кабинетте қоңырау және Telegram-ға хабар.

  • Түгендеу

    Сканермен соқыр қайта санау. Санау кезіндегі сатулар ескеріледі — жалған жетіспеушілік болмайды.

  • Есептен шығару

    Мерзімі өткен, ақау, жеткізушіге қайтару, жоғалту, өзіне — себебімен және жеткізуші қарызын азайтып.

  • Орын ауыстыру

    Нүктелер арасында бірден немесе «жолда» арқылы, қабылдаумен және жетіспеушілікті есепке алып.

  • Жарамдылық мерзімі

    Партиялар кіріс кезінде жасалады. Жеке бет — алдағы аптада не өтетіні.

  • Бірнеше нүкте

    Дүкендер мен қоймалар бір кабинетте: өз кассалары, өз кассирлері, өз қалдықтары.

04Кіріс

Кіріс кешке емес, бір минутта

Жүкқұжатты қайта тергізудің қажеті жоқ: суретке түсіріңіз, QR-ды сканерлеңіз немесе жеткізушінің Excel-ін жүктеңіз.

  • Жүкқұжат фотосы бойынша

    1–5 фото — ЖИ атауларды, санды және бағаларды таниды, ал EsepTez жолдарды сіздің тауарларыңызбен өзі сәйкестендіреді.

  • EsepTez чегінің QR-ы бойынша

    Жеткізуші де EsepTez-те жұмыс істесе — оның чегінің QR-ын сканерлейсіз, жолдар танусыз дәл түседі.

  • Excel-ден

    Бағандар бір рет сәйкестендіріледі — EsepTez оларды әр жеткізуші үшін есте сақтайды.

  • Өзіндік құн

    Өткізгенде орташа өзіндік құн өзі қайта есептеледі — есептердегі маржа шынайы.

  • Жеткізушілерге қарыз

    Әр жеткізушіге қанша қарызсыз, төлемдер мен тарих — бір журналда.

  • Логистика

    Әр кіріс бойынша тасымалдаушы мен жеткізу құны, тасымалдаушыларға қарыз.

05Көтерме

Көтерме: витрина және сауда өкілдері

Дүкендерге сататындарға: тапсырыстар сайттан және агенттерден келеді, қойма жөнелткенде есептен шығады.

  • Дүкен витринасы

    Фотосы, себеті және тапсырысы бар жеке каталог беті. Менеджер тапсырысты WhatsApp-та алып, мәртебесін сілтеме арқылы өзгертеді.

  • Агент қолданбасы

    Сауда өкілі өз баға деңгейіндегі каталогты көріп, бекітілген клиентті таңдап, тапсырыс жібереді.

  • Қалдықты тексеру

    Тауар жетпесе, агент мұны жөнелткеннен кейін емес, бірден біледі.

  • Тапсырыстар мен жүкқұжаттар

    Мәртебелері бар тапсырыстар тізімі және жүкқұжат басу. Қалдық орындалғанда шегеріледі, бас тартқанда қайтарылады.

06Клиенттер

Клиенттер қайта келеді

Карталар, бонустар және қарыздар — әр клиенттің өз тарихы.

  • Жеңілдік және бонус карталары

    Жеңілдік пайызы немесе ұпаймен кешбэк, штрихкодтармен топтап шығару, мерзімі және бонус журналы.

  • Қызметкер карталары

    Сатушы өз картасын өткізеді — кім қанша сатқаны көрінеді.

  • Қарыз журналы

    Кассадан қарызға сату, төлемдер және әр клиенттің қарыз қалдығы.

  • Telegram-дағы чек

    Клиент чек пен бонустарды Telegram-да алады және өз сатып алулары мен қарызын өзі көреді.

07Аналитика

Сенуге болатын сандар

Сатулар қайтаруларды шегеріп есептеледі, маржа — нақты өзіндік құннан.

  • Дүкенге шолу

    Түсім, 14 күндік сату және назар аударатын нәрселер тізімі.

  • Касса есептері

    Күн мен кезең бойынша түсім мен маржа, терминалдар бойынша карта төлемдері — банкпен салыстыруға.

  • Бағадағы қателерді іздеу

    Терең талдау бөлшек бағасы көтермеден төмен, ал көтерме не бөлшек бағасы өзіндік құннан төмен тауарларды табады.

  • Қызметкерлер мен ауысымдар

    Кім жұмыс істеді, қанша өткізді, қандай қайтарулар болды.

08Команда

Әркімнің өз құқығы бар

Кім нені көретінін және не істей алатынын иесі шешеді.

  • Рөлдер

    Иесі, қызметкер, сауда өкілі, баға тексергіш — әркімнің өз қолжетімділігі.

  • Нақты құқықтар

    Жиырмадан астам рұқсат: кіріс, бағалар, қайтарулар, қарыздар, есептер, баптаулар.

  • Қауіпсіз кіру

    SMS-кодпен тіркелу, белсенді сеанстар тізімі және барлық құрылғыдан шығу.

Telegram

Дүкен қалтаңызда

Бір EsepTez боты: иесіне — дүкенде не болып жатқаны, клиентке — оның чектері мен қарызы. Бір реттік сілтеме немесе QR арқылы қосылады.

Иесіне және қызметкерлерге

  • Ауысымның ашылуы мен жабылуы қорытындысымен
  • Қайтарулар және өткізілген кірістер
  • Тауар минимумнан төмендеді
  • Күн қорытындысы — әр кеш
  • /today және /low командалары

Клиенттерге

  • Сатып алғаннан кейін бірден чек
  • Есептелген бонустар
  • Қайтару туралы хабар
  • Өз сатып алулары мен қарызы — батырмалармен
ЖИ

Дүкеніңізден сұраңыз

EsepTez Claude және ChatGPT-ке қосылады. Көмекші дүкен деректерін сіздің құқығыңызбен көреді және қарапайым тілмен жауап береді.

  • Тек жобаларКөмекші кірісті дайындайды, бірақ оны адам өткізеді. Қалдықтар сізсіз өзгермейді.
  • Сіздің құқықтарыңызКөмекші оны қосқан пайдаланушыға рұқсат етілгенін ғана көреді.
  • Жүкқұжаттарды тануЖүкқұжат фотосы кабинетте тікелей кіріс жолдарына айналады — көмекшісіз.
Қалай қосу керек
Мобильді қолданба

Кабинет пен сканер телефонда

Android және iPhone-ға арналған EsepTez қолданбасы: сол кабинет, бірақ камера штрихкод сканері болып жұмыс істейді, ал файлдар телефонға сақталады.

  • Нативті сканерТелефон камерасымен штрихкод пен QR-ды жылдам оқу, шаммен.
  • Рұқсат бір ретКамера әр сканерлеген сайын рұқсат сұрамайды.
  • Файлдар телефонғаExcel үзінділері «Жүктеулерге» сақталып, бірден ашылады.
  • Әрқашан жаңа нұсқаКабинеттің жаңа мүмкіндіктері қолданбада дүкеннен жаңартусыз пайда болады.
Жақында Google Play және App Store-да
Құрылғылар

Дүкенде бұрыннан тұрған құрылғылармен жұмыс істейді

«Фирмалық» құрылғы сатып алудың қажеті жоқ — EsepTez кең таралған жабдыққа қосылады.

  • Rongta таразылары

    PLU тізімі таразыға кассадан өзі жүктеледі — бағалар өзгергеннен кейін қолмен ештеңе көшірудің қажеті жоқ.

  • Салмақтық затбелгілер

    Касса таразы затбелгісінің штрихкодынан салмақ пен тауарды оқиды.

  • Halyk және Kaspi терминалдары

    Сома терминалға желі арқылы беріледі, қайтару — операция нөмірі бойынша.

  • Чек принтерлері

    USB, желі немесе COM-порт арқылы 58 және 80 мм термопринтерлер, дүкен логотипімен.

  • Затбелгі принтерлері

    Xprinter, Zebra, Godex және басқалары — қарапайым драйвер арқылы.

  • Сатып алушы дисплейі

    COM-порттағы табло немесе цифрлық баға индикаторы.

  • Штрихкод сканерлері

    Кассадағы кез келген USB-сканер және қолданбадағы телефон камерасы.

  • Ақша жәшігі

    Қолма-қол төлегенде өзі ашылады.

Жұмысты бастау

Көшу — қолмен енгізусіз

  1. 1

    Басқа бағдарламадан көшіру

    Тауарлар мен қалдықтар топтап көшіріледі: ондаған мың позиция — бірнеше секундта. Таңдап салыстыруға және синхрондауға болады.

  2. 2

    Excel-ден

    Каталог пен кірістер бағандарды сәйкестендіріп кестелерден жүктеледі.

  3. 3

    Демо-дүкен

    Нақты деректері бар «Береке» дүкені — тіркелусіз ашылады.

  4. 4

    Сынақ мерзімі

    Сынақ мерзімінде барлық мүмкіндік тегін — карта байланыстырусыз.

EsepTez-ті іс жүзінде көріңіз

Демо-дүкенді ашыңыз немесе өз дүкеніңізді тіркеңіз — бұл бірнеше минут алады.